Айлық жоспар қазан айы кәсіптік бағдар
«Бекітемін»
Мектеп директоры
____________ А.Ж.Дарубаева
Педагог-кәсіби бағдар беруші маманның қыркүйек айына арналған жұмыс жоспары
Апта | Жұмыс мазмұны | Жауапты |
1 апта | Кәсіптік бағдар беру жұмысының жылдық жоспарын оқушылар мен педагогтерге таныстыру Оқушылардың қызығушылығы мен қабілеттерін анықтауға арналған бастапқы сауалнама жүргізу | Педагог-кәсіби бағдар беруші: Нургалиев Е. |
2 апта | «Мамандықтар әлемі» тақырыбында сынып сағаттарын ұйымдастыру 9–11-сынып оқушыларына мамандық таңдау және кәсіби өзін-өзі анықтау туралы кеңес беру Оқушыларды колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу жолдары және мамандықтар туралы ақпаратпен таныстыру | Педагог-кәсіби бағдар беруші: Нургалиев Е. |
3 апта | Ата-аналарға балалардың кәсіби таңдауын қолдау жөнінде ақпарат беру «Мамандық таңдаудағы ата-ананың рөлі» тақырыбында ата-аналар жиналысында түсіндіру жұмысын жүргізу Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары туралы ақпараттық бұрышты жаңарту | Педагог-кәсіби бағдар беруші: Нургалиев Е. |
4 апта | Сынып жетекшілеріне кәсіптік бағдар беру іс-шараларын жоспарлау бойынша әдістемелік көмек көрсету Оқушыларға арналған «Мамандықтар туралы не білемін?» танымдық викторинасын өткізу Қыркүйек айында атқарылған кәсіптік бағдар беру жұмыстарына талдау жасап, келесі айдың жұмысын жоспарлау | Педагог-кәсіби бағдар беруші: Нургалиев Е. |